Құрылтай сайлауы басталды
Отандастарымыз бүгін өз таңдауын жасайды. Құрылтайдағы 145 мандатқа еліміздің 7 партиясынан 545 кандидат үміткер ретінде тіркелді. Бәсекеге түсетін 7 партия бюллетеньде келесі ретпен орналасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, азаматтар 10 424 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Соның ішінде 61 шет мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылған. Дауыс беру үшін жеке басты куәландыратын құжат қажет. Дауыс беруге 18 жасқа толған және сот шешімі бойынша сайлау құқығынан айырылмаған Қазақстан азаматтары құқылы. Учаскеңіз туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасындағы «Танымал қызметтер» бөлімі арқылы да біле аласыз. Дауыс беру үшін бюллетеньдегі өзіңіз қолдайтын саяси партия атауының оң жағына немесе «Бәріне қарсымын» деген жолдың тұсындағы шаршыға кез келген белгі қойсаңыз болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы