Басты Жаңалықтар Аймақта 534 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Аймақта 534 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Шығыс Қазақстан облысында бүгін 485 873 азамат өз таңдауын жасайды. Өңірде 534 сайлау  учаскесі жұмысын бастады. Дауыс беруге келген азаматтарға  4 мыңнан астам  учаселік және аумақтық комиссия мүшелері қызмет көрсетеді. Өскемендегі халық ең көп шоғырланған шағын аудандардың біріндегі сайлау  учаскесінен  осы өңірдегі тілшіміз Олжас Керейхан тікелей байланысқа қосылды. Олжас, бүгінгі тарихи күн шығыста қалай бастау алды? 

Олжас Керейхан,тілші:

Шығыста құрылған 534 сайлау  учаскесінің барлығы жұмысын міне ғана бастады. Құрылтай депутаттарының сайлауын  өңірде  3790 комиссия мүшесі өткізеді. Учаскелік коммиссия мүшелері  мен саяси партиялар және тәуелсіз байқаушылар да өз орнында. Дәл қазір біз тұрған нөмірі 48 мектепте 2 сайлау  учаскесі ашылды.Белсенді  азаматтар сайлау  учаскесі ашылмай тұрғанда келіп күтіп отырды. Ал аймақта саяси доданың барысын ТМД елінен келген байқаушылар бағамдамақ.
Жалпы  бүгінге дейін біз тілдескен азаматтар бұл сайлаудың мәні мен саяси мазмұны ерекше екенін біледі. Сондықтан елдік мүдде мен қоғамдағы тұрақтылық және  саяси жаңғыру жолындағы Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан жобалардың түпкілікті  нәтижеге жетуі үшін сайлауға қатысатынын айтады.Жалпы қоғам болып жұмылғанда ғана «Әділетті Қазақстан» идеясы жүзеге асатынын түсінеді. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Біртіндеп келіп өз таңдауларын жасап жатыр. Елде тұңғыш өтіп жатқан Құрылтай сайлауына орай Ұлттық арнаның барлық әлеуметтік парақшаларында онлайн марфон өтіп жатыр. Назарларыңыз Ұлттық арнада болсын. 


Бөлісу