Сарыағаш ауданында соңғы үш жылдың ішінде 8 мәдениет үйі мен кітапхана салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаш ауданында соңғы үш жылдың ішінде 8 мәдениет үйі мен кітапхана салынды

03.10.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында келер жылдан бастап Үкіметке мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуіді тапсырды. Сондай-ақ оларға міндетті әлеуметтік жеңілдіктердің берілуін міндеттеді. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында соңғы үш жылдың ішінде жаңадан 8 мәдениет үйі мен кітапхана салынды. Соның арқасында шалғайдағы елді мекендерде руханият пен өнердің дамуына мүмкіндік жасалды. Мәдениет ошақатарында бірнеше үйірме мен әжелер клубы тұрақты жұмыс істейтін болды.

Мектепте оқитын Аяулым ауылда мәдениет үйі ашылғалы құрдастарымен кітапханаға жиі келетін болды. Өйткені білім орталығында қажеттің ақпараттың барлығын кез келген форматта алуына мүмкіндік бар. Интелектуалды контент: яғни кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне жазбаларды, ғаламторды еркін пайдаланады.

Аяулым Әбдікәрім, мектеп оқушысы:

Сабақтан өзімізге керекті мәліметтер, қосымшалар, ақпараттармен танысамыз. Түрлі кітаптар оқимыз. Тек қана кітап оқу емес, бір-бірімізбен пікірталастырамыз. Түрлі үйірмелер бар. Интернет тегін.

 Аяулым секілді ауыл тұрғындары бос уақытында енді білім орталығындағы акцияларға, шығармашылық кездесулерге, шеберлік кластары мен зияткерлік ойындарға да қатыса алады. Олардың шахмат, тоғызқұмал ойнауына да жағдай жасалған.

Қалбибі Көлгінова, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры:

11 қыркүйек күні 3 орталық ашылды ауылды жерлерде. Бұл Дербісек, Ақжар, және Қызылжар кітапханаларында. Ауданда биыл жыл соңына дейін тағы алтауы ашылады.

Ауыл балалары шетінен өнерді де үйреніп жатыр. Сарыағаш ауданында қазір 11 мәдениет үйі мен 10 елді мекенде клуб жұмыс істейді. Мұнда домбыра, би, көркемсөз оқу және вокал үйірмелері ашылған.

Әбіләзім Жаншуақов, Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:

Әжелер байқауы тұрақты түрде 7-8 жылдан бері өткізіліп келеді. Одан бөлек «Батагөйлер» байқауы. Және де «Күй құдыреті» байқауы. Барлық ауылдың клубтарында кемі 5 үйірмеден жұмыс істеп келеді.

Жұртқа рухани азық беретін өнер ордаларының саны келешекте мұнан да артқалы отыр. Келер жылы ауданда 8 мәдениет үйі салынбақ. Олардың сәулеттік жобалау құжаттары әзірленіп, қазынадан қаржы бөлуге ұсынылған.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу