Джеки Чан Абай өлеңін оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеки Чан Абай өлеңін оқыды

23.09.2019

Әйгілі актер Джеки Чан қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  флешмобқа қатысты. Джеки Чан поэзиялық челленджді белгілі саясаткер Ерлан Қариннен қабыл алып, Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" атты өлеңін оқыды. Шығарманы шеберлікпен оқуға тырысқан актерге әлеуметтік желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп жатыр. Айта кетейік, Абай өлеңдерін оқу эстафетасы 9 жастағы оқушы Ләйлімнің арқасында мемлекеттік ғана емес, ғаламдық ауқымға ие болды. Оқушы чэлленджді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдады. Сол уақыттан бері хакім Абайдың мұрасын насихаттаған челлендж жер-жаһанға тарады. Жұмыр жердің әр тұсында хакімнің жырлары жатқа оқылып, әндері шырқалып жатыр. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу