Шамалғандағы теміржол өткеліне көпір қашан салынбақ?
Алматы облысында теміржол өткелінде болған жантүршігерлік апат. Өткелде тұрып қалған автобусты жүрдек пойыз соғып, шопыр мерт болды, екеуі бала, үш жолаушы зардеп шеккенін естідік... Кейін тұрғындар «көпір, көпір!» деп айғайлағанмен жұртпен кездескен Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев дәп қазір пойыз ететін көпір салынбайтынын хабарлады. Бұл жауапқа ел қанағаттанбайды, әрине. Өздерінің сөзімен айтсақ, «7 жыл бұрын көпір саламыз деген уәде берілген».
Бірақ дүйсенбіде Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі қызметінде отырған Роман Скляр да бір жыл уақыт керек деген... Адамдар теміржол өткеліндегі көлік қозғалысын реттемейді деп жол полициясына да наразы.
Жалпы, елімізде жол ережесіне пысқырмайтын жүргізуші көп. Өте көп. Жолдағы кісі өлімінің көптігі дәлел. Ал жолаушы таситын шопырлардың жүйткитіні тіпті шошындырады. «Апат деген секундтың шаруасы екенін білмейтін неғылған адамдар»,- дейсің. Оның үстіне кәдімгі көшеде перпендикуляр тұрып қалса, жүргізушілер бірін-бірі сыбар, бірақ тоқтайды ғой, ал темір жолда пойыз қалай тоқтайды? Заң алдында бәрі бірдей деген ұраннан біреулердің жоғарырақ екенін көріп отырғаннан ба, жол ережесін бұзу әдетке айналған. Бірақ Адам өмірінен қымбат не бар?
Дегенмен Шамалғандағы оқиға аяқ астынан болған жоқ. Жұрттың мойын тамырлары білеуленіп ашуланғанына онысы несі? – дей алмайсың.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18