Мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы өседі

20.09.2019

Келер жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайызға өседі. Енді театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың, ал кітапхана, музей және архив қызметкерлерінің еңбекақысы 164 мың теңге болмақ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Ведомство басшысы Президент Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау үшін Алматы қаласына арнайы барып, осы саласының қызметкерлерімен кездесті. Қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мәдениет қызметкерлерінде екендігін атап өтті. Ал саланың дамуы үшін мамандардың әлеуметтік жағдайы жоғары болғандығы маңызды. Сондықтан ұлттың өнері мен руханиятына еңбек сіңіріп жүрген мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Есенғали Раушанов, ақын:

Бұған дейін бұл мәселелер көтеріліп келгенімен, тап осылай мән беріліп, тап осындай биік дәрежеде айтылмаған еді. Біз енді музыка, театр салаларында көптеген мәселелердің қордаланып қалғанынбілеміз. Және алдағы күндерде осы мәселелер шешімін табады деп сенеміз.

Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу