Бүгін «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» командасы кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» командасы кездеседі

19.09.2019

Санаулы сағаттардан кейін Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» футбол клубы сырт алаңдағы алғашқы кездесуін «Манчестер Юнайдетке» қарсы өткізбек. Қазақ футболының тарихында алғаш рет қазақстандық клуб ағылшын футбол клубымен бақ сынаспақ. Әріптесіміз Индира Бектенова қазір Манчестерден бізбен байланысқа шықты толығырақ білейік... 

Индира Бектенова, тілші:

 Бас аяғы 70 матч, оның ішінде 27 ойында жеңіске жетсе, 19 кездесуді тең аяқтаған. Бұл Астана футбол клубының Еурокубоктерде өнер көрсетуінің қысқаша статистикасы. Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Л тобындағы «Астана» футбол клубы үшін «Манчестер Юнайдетке» қарсы өтетін сырт алаңдағы ойын Еурокубоктегі 71 кездесу болмақ. Әйгілі «Олд Траффорд» стадионында өтетін матч алдында екі клубтың футболшылары ашық жаттығуын өткізді. Алдағы ойында «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бапкері жас ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беретіндей. Тіпті, Аксель Туанзебені журналистермен өткен баспасөз маслихатына өзімен бірге ертіп келгені де бекер емес. Қорғаушыны жасыл алаңда бүгін көруіміз әбден мүмкін. Алаң қожайындары сапынан жарақат алған негізгі ойыншылардың қатарында Погба, Марсияль мен Шоу болса, «Астана» футбол клубының ойыншылары барлығы бабында және алдағы матчқа сақадай сай. Тағы бір айта кететін жәйт, «Олд Траффорд» 5 жұлдызы бар УЕФАН-ың жоғары категориясының тізіміне енген Англиядағы санаулы стандиондардың бірі. Сол себепті «Олд Траффордтың» жасыл алаңында ойнаудың өзі бір бақыт. Стадионның екінші атауы The Theathre of dreams. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударатын болсақ, «Армандар театры». Бүгін қазақ жанкүйерлерінің армандары орындалып, «Астана» футбол клубы керемет ойын өрнегін көрсетеді деп сенеміз. «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» футбол клубтары арасындағы кездесуді жанкүйерлері сағат 00:50-де QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Индира БЕКТЕНОВА


Хабарламаларға жазылу