Тікелей эфир. «Вест Бромвич» - «Манчестер Юнайтед»

20.10.2014
Тікелей эфир. «Вест Бромвич» - «Манчестер Юнайтед»

Бүгін Англия Премьер-Лигасының сегізінші тур ойындары аяқталады. Бұл турды «Вест Бромвич» пен «Манчестер Юнайтед» қорытындылайды.

Бұл ойында «Манчестер Юнайтед» жеңіске жетеді деген жорамалдар айтылуда. Әзірге қорғанысы сыр бергенімен, шабуыл қарқыны ұпай жинауға мүмкіндік беріп отыр.

Ал, «Вест Бромвич» те қорғанысымен мақтана алмайды. Сүреңсіз ойынымен тұрақты нәтиже көрсете алмай келеді.

Жанкүйерлер «Манчестер Юнайтед» пен оның бапкері Луи ван Гаалды маусым басындағыы сәтсіздігі үшін сынға алып жүр.

Дегенмен, соңғы екі ойындағы жеңіс турнирлік кестедегі жағдайды жақсартты. «Вест Хэм» және «Эвертон» командаларын 2:1 есебімен жеңді.

Бұл екі ойында шабуыл шебіндегі Анхель Ди Марияның белсенділігіне жоғары баға беруге болады.  Алайда, қақпашы Ди Хеаның жұмысы көп.

Шабуыл мен қорғаныстағы теңсіздікті бас бапкер ван Гаалдың өзі мойындап отыр. Жеті ойында «МЮ» он гол жіберді.

«Вест Бромвич» турнир кестесінің екінші жартысында орналасқан. Өткен турда сырт алаңда «Ливерпульден» 1:2 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, «Вест Бромвич» пен «Манчестер Юнайтед» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – 01.00.

 

Хабарламаларға жазылу