Бүгін «Саутгемптон» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Саутгемптон» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі

08.12.2014
Бүгін «Саутгемптон» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі

Англия Премьер-лигасының 15-ші турының қорытынды ойынында «Саутгемптон» өз алаңында «Манчестер Юнайтед» командасы қабылдайды.

Төрт ойында қатарынан жеңіске жеткен «Манчестер Юнайтедтің» қарқыны жақсы. Уэйн Руни мен Ди Хеа бастаған жігіттер Чемпиондар Лигасына берілетін жолдамаға ие болуға асығуда.

Ал, «Саутгемптон» негізгі қарсыластарымен өткізген ойында сәтсіздікке ұшырады. Алдымен, «Манчестер Ситиден» ұтылса, кейін «Арсеналдан» жеңіліп қалды.

Бүгін жанкүйерлер екі атақты голландиялық бапкерлердің текетіресіне куә болмақ. Роналдьд Куман мен Луи ван Гаал. Қай бапкердің шәкірттері жеңіске жетеді?

«Сент-Мэрис» стадионынан тікелей эфирді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көре аласыздар. Матч Астана уақытымен 01.50-де басталады.

Хабарламаларға жазылу