Футбол. «Сандерленд» - «Манчестер Юнайтед» 2:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол. «Сандерленд» - «Манчестер Юнайтед» 2:1

08.01.2014
Футбол. «Сандерленд» - «Манчестер Юнайтед» 2:1

Футболдан ағылшын кубогының жартылай финалында «Сандерленд» футбол командасы өз алаңында «Манчестер Юнайтедпен» кездесіп, 2:12 есебімен жеңіске жетті.

 
Тартысты ойынның алғашқы таймы аяқталар тұста «Манчестер» сапындағы «Райан Гиггз» өз қақпасына гол соғып, қарсыластарын алға шығарды. 52-ші минутта Неманья Видич есепті теңестірді.
 
Ал 64-ші минутта ойындағы соңғы гол соғылды, авторы - Фабио Борини. Сөйтіп, «Манчестер Юнайтед» қатарынан үшінші рет жеңілді.

Хабарламаларға жазылу