Президент Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары әзірленді

10.09.2019

Жолдаудың жүзеге асуына бірінші басшылар жауап береді. Бүгін Президент Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары бекітілген Үкімет отырысында Асқар Мамин осылай деді.

Премьер-Министрдің сөзінше, бекітілген жоспар Жолдаудағы негізгі бес бағыт бойынша дайындалды. Атап айтқанда: қазіргі заманғы тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі және мықты өңірлер - мықты ел. Аталған бағыттар жалпы алғанда 81 іс-шарадан тұрады. «Ұсынған құжаттарды Мемлекет басшысы бекіту үшін Президент Әкімшіліге шұғыл енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Президент құжатты бекіткеннен кейін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер алға қойылған міндеттерді дереу шешуге кірісуі керек. Жалпыұлттық жоспардағы шаралардың орындалуына бірінші басшылар жауап береді. Бізден нақты нәтиже күтілуде. 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу