Түркістан облысында суды мүлдем қажет етпейтін қарбыз тұқымы пісіп жетілді. Бұл тәжірибені ғалым, агроном Бердияр Қалымбетов Келес ауданынының егістік алқабында сәтті жүзеге асырды. Көкөніс тұқымының ең пайдалы тұсы шығыны аз. Суды, тыңайтқышты, жерді техникамен өңдеуді қажет етейді. Ең бастысы, артықшылығы жер талғамайтынында. Өңірде суармалы жер қорының аз екенін ескерсек, жайылымнан өзгеге жарамсыз тәлімі алқаптардың өзінен пайда табуға мүмкіндік туып отыр.
Қарбыздың дәні ашық алқапқа егілді. Егістік жер алдымен суарылып, тұқым ылғалды топыраққа себілді. Бірақ жергілікті жерге бейімделген қарбыз шопағынан гөрі тереңдеу тасталды.
Әбдіәкім Қарабалаев, агроном:
15 сантиметр тереңге егтік. Содан бері бірде бір рет арасына адам кірген жоқ. Ешқандай тыңайтқыш берілмеді. Егілген күйі тұр. Бір орында тұрып пісті.
Сырт көзге көкөністің күзде кеш пісетін қара қарбыздан айырмасы жоқ. Бірақ бұл тұқымнан ерекшелігі ерте пісіп жетілді. Және жаздыгүнгі 46-48 граудус аптап ыстыққа шыдас берген.
Бердияр Қалымбетов, ғалым, жоба жетекшісі:
Қабығы өте қалың. 2-3 елі қабығы бар. Тәтті шипалы. Тамыры ылғал іздеп төмен кете береді екен. Осы жердің өзінде 7-8 метрге дейін барғанын көрдік тамырынан.
Қарбыз тұқымы көрші Өзбекстаннан әкелінді. Самарқан облысы Жанбай аумағының шаруалары көкөністің бұл түрін ұзақ жылдан бері өсіріп келеді.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Маусым айында егілген қара қарбыздың тұқымы 80 күнде пісіп жетілді. Қорегі үшін ешқандай тыңайтқыш пен су берілмесе де олардың әр түбі кемі 3 қарбыздан байлаған. Олардың әрқайсысының салмағы 10-12 киллограмнан асып отыр.
Қара қарбыз тұқымының гектарынан 80-90 тоннаға дейін өнім жиналды. «Тағы бір ерекшелігі өнімді ұзақ уақыт сақтау болады»,-дейді ғалым.
Бердияр Қалымбетов, ғалым, жоба жетекшісі:
Биылғы мақсатымыз — осы қара қарбыздың тұқымын қор ретінде сақтап, келесі жылы өңірдің таулы бөктерлеріне, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарындағы тәлімі жерлерді таңдап сынақтан өткізбекпіз.
Ғылыми тәжірибе, сондай-ақ биыл өңірдің Жетісай ауданы мен Түркістан қаласы маңында да сынақтан өткізілді. Нәтижесі жақсы. Осы іс тәжірибені өңір шаруаларына үйрету үшін арнайы семинар кеңес өткізілді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ