Қапшағай қаласының іргесінде күн электр стансасы іске қосылды
Елімізде күн мен жел және су энергиясын пайдалану жағынан Алматы облысы көш бастап тұр. Қазір аймақта 20 шақты станса тұрақты жұмыс істейді. Жетісу өңіріне іс сапармен барған Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек осыны айтты.
Ал бүгін Қапшағай қаласының іргесінде орналасқан қуаттылығы 100 мегаватт болатын тағы бір күн электр стансасы іске қосылды. Оның жобалық жалпы құны - 27,7 миллиард теңге. Кәсіпорын небәрі бір жылдың ішінде салынған. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң қабылданған. Ал 2013 жылы Елбасы «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын бекіткен. Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің орынбасары «Индустриаландыру» бағдарламасы аясында ашылған кеспе өндіретін кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл зауыт жылына 417 миллион данаға дейін тез дайындалатын кеспе өнімдерін «Қазақстанда жасалған» белгісімен ішкі және сыртқы нарыққа шығарады.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Елбасының қатысуымен ашылған орталық Азияда осындай зауыт жоқ. Тек қана Қазақстанға емес, орталық Азияға экспортқа жұмыс істейтін үлкен зауыт. 350 адам жұмыс істеп жатыр. Үлкен шетелдік инвестиция келді облысқа,. Сондықтан Үкімет осындай жобаларды қолдап, әр түрлі инстирументтермен қолдап жатыр.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17