Президент сайлауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сайлаушылардың белсенділігіне таң қалдық. Бұл - алыс-жақын шетелден келген байқаушылардың пікірі. Олар Нұр-Сұлтанда ондаған сайлау учаскесін аралап, ондағы дауыс беру үрдісін қадағалаған. Әрі олар сайлау кезінде ешқандай келеңсіздік немесе заң бұзушылықтарды кездестірмегенін айтты.
Президент сайлауы Конститиуция аясында өтті. Кейбір жерлерде ірілі-ұсақты ескертпелерді айтпағанда жалпы дауыс берушілерге барлық жағдай жасалды. Бұл - АҚШ байқаушыларының пікірі.
Дэниэл Уитт, Халықаралық байқаушы, АҚШ:
Кешегі сайлау кезінде жеті үміткердің бәрімен кездестік. Мемлекет тарапынан сайлауға араласу болмады. Бұл сайлау үлкен демокартия бағытында жасалған ірі қадам.
Владимир Сокор, Халықаралық байқаушы, АҚШ:
Қазақстан үшін Президенттік билік маңызды деп есептеймін. Парламенттік билікке әлі ерте. Саяси партиялар арасында еркін бәсеке болуы қуантады. Электораттың 71 %-ы дауыс беруге келуі - бұл халық сенімінің көрсеткіші.
Сайлаудың демократиялық тұрғыдан әділ өткенін жер жүзінен келген бақылаушылар да құптады. Барлық учаскеде ақпараттық технологиялар қолданылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне де қолайлы жағдай жасалған.
Жанг Хиун, Халықаралық байқаушы /ҚХР/:
Алты бірдей сайлау учаскесін аралап көрдік. Кандидаттармен таныстық. Ешқандай заң бұзушылықтарды көрмедім. Барлығы Қазақстан заңнамасына сәйкес өтті. Дауыс берушілер арасында әйелдер мен жастардың көп болғаны таң қалдырды. Ал БАҚ жұмысы жақсы пікір қалыптастырды.
Дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың 77 %-ы сайлауға қатысты. Халықтың мұндай белсенділігі дамыған елдердің өзінде сирек кездесетін құбылыс, - дейді еуропалықтар.
Хосе Орелла, Халықаралық байқаушы, Испания:
Бұл сайлау Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің ашылуымен сипатталды. Елдеріңіз Тәуелсіз ел ретінде қалыптасты. Енді, институционалдық даму кезеңін бастап жатыр. Жаңа сайланған Президент осы міндеттерді атқарады деп сенемін.
Қазақстан бұл сайлауға жауапкершілікпен дайындалған. Бұл шетелдік байқаушыларыдың ортақ пайымы.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ