Басты Жаңалықтар ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Оған сәйкес «Nur Otan» партиясынан саяси додаға түскен қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Биылғы сайлауға дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың 77,4 пайызы қатысты.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 пайыз дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе 5,2 пайыз дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 пайыз дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 пайыз, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе 2,07 пайыз, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 дауыс немесе сайлаушылардың 70,76 пайыз дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 пайыз дауысын жинады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Бөлісу