Айшолпан Нұрғайыпқызы: Атамекенге келгеніме қуаныштымын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айшолпан Нұрғайыпқызы: Атамекенге келгеніме қуаныштымын

24.01.2019

Кеше елордада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Жиынға бүркіт баптап, аңға шығып, Қазақстанды әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайыпқызы да қатысты.

Бүркітші қыз бүгін «Tansholpan» бағдарламасында қонақ болып, өз әсерімен, жоспарымен бөлісті.

Айшолпан Нұрғайыпқызы:

Елбасымен кездесу – үлкен бақыт. Біраз қобалжыдым. Сонда да сөздерімді шын жүректен айттым. Қазақ елінде бүркітшілер мектебін ашу - арманым. Бүркітті баптауға шақырса ұсынысты қабыл аламын.

Атамекеніме келіп, оқып жатқаныма қуанамын. Барлығы өзгерді. Сабақта барлығына үлгеріп жүрмін, сабағым жақсы.   

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу