Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры «Romeo & Juliet» премьерасына шақырады.
Махаббат бар жерде машақатқа да орын табылады. Әулет пен тобырдың кесірінен қаншама махаббатқа толы тағдырлар құрбан болды. Ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің әйгілі «Romeo & Juliet» оқиғасын суреттейтін трагедиясы елімізде алғаш рет қуыршақтар бейнесінде Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында 24-25 қаңтар аралығында көрерменге жол тартпақ.
Аталмыш қойылымдағы басты кейіпкерлерді сахналау үшін жас өнерпаздар Шоқан Құлназаров, Ғалым Амангелдіұлы мен Салтанат Төребай бекітілді.
Театр актерлері «Tansholpan» бағдарламасының қонағы болып, қойылымның ерекшелігі, қызықты жайттарымен бөлісті.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.