Әлихан Бөкейханұлы шығармаларының 15 томдығы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Бөкейханұлы шығармаларының 15 томдығы жарық көрді

21.12.2018

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына әлихантанушы, алаштанушы, ғалым Сұлтан Хан Аққұлы қонаққа келді. Ол Әлихан Бөкейханұлының 15 томдық жинағын мемлекеттің қолдауымен,  5 000 данамен жарыққа шығарды.

Алаштанушы Әлихан Бөкейханұлын зерттеуді өткен мыңжылдықта, 1991 жылы бастаған. Ғалым кандидаттық диссертациясын Әлихан Бөкейханұлына арнапты.

Әлихантанушы Сұлтан Хан: «Әлихан – тұңғыш Абайтанушы. Патша өкіметімен тартысып жүріп, Абайдың жинақ кітабын Петербургте баспадан шығарған. Қазақтың төрт-түлік малы туралы монографиясы бар.

15 томдықпен бірге Әлихан Бөкейханның энцеклопедиясы да баспа көрді. Бұл кітаптар Әлихан Бөкейханның ЮНЕСКО көлемінде 150 жылдығына орайластырып, 2016 жылы шығуы керек еді. Бірақ 15 томдық еңбек енді ғана жарық көріп отыр. Осы кітаптың ішінде ел білмейтін тың дүниелер өте көп.

Қазір Әлихан Бөкейханның кейбір еңбектерін таба алмай отырмыз. Жылқының түрлері туралы очеркін іздестірудеміз.

Әлихан Бөкейханов «маған еш байлық, еш атақ керек емес. Туған жерімнен жер болса болды» деген екен. Оның жалғыз ұлы Өктем (құжатта Сергей деп жазылып кеткен) Мәскеуде тұрады. Мая Бекбаева Мәскеуге барып, Сергейдің ұлы Петрден (Әлиханның немересі) сұхбат алғанда: «Біз Ресейде – орыс емеспіз, Қазақстанда – қазақ емеспіз» деп, ащы шындығын айтқан еді. Әлихан Бөкейханұлының сүйегі – Мәскеуде. Жатқан жері белгілі болса да, туған жерден топырақ бұйырмай тұрғаны жанға жара салады. Смағұл Сәдуақосвтың күлін ғана елге әкеліп, арулап жерледік. Басқа Алаш зиялыларының сүйегі Мәскеуде жатыр. Сүйегін алып келіп жерлесек, ел болғанымызды көрсетер едік»,- деп ғалым сөзін аяқтады.

Хабарламаларға жазылу