«Сенбілік кездесуде» - ақын Ұлықбек Есдәулет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - ақын Ұлықбек Есдәулет

27.06.2015
«Сенбілік кездесуде» - ақын Ұлықбек Есдәулет

Поэзиясында елі мен жерінің тағдырына алаңдаған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің оқырман жанын тебірен­тер, көкірегіне сәулесін себер жырлары жетерлік.

Ақын өлеңдері өмір туралы толға­ныс­тарға толы. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары оның өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, ерекше сарында жазылған.

Ұлықбек Есдәулеттің  «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар»,  «Заман-ай», «Киіз кітап», «Қара пима», «Ынтық зар», «Әбiлхаят» атты жыр кiтаптары, таңдамалы шығармаларының  2  томдығы, шығармалар жинағының 6 томдығы жарық көрген.

Өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал болған ақын шығармашылығы, кейбір өлеңдерінің танымал әнге айналуы, өмір туралы өзіндік ой-пікірлері, пайымы туралы толығырақ бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарынан біле  аласыздар.

Хабарламаларға жазылу