Бүгін Бүкіләлемдік денсаулық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Бүкіләлемдік денсаулық күні

07.04.2016
Бүгін Бүкіләлемдік денсаулық күні

Бүгін Бүкіләлемдік денсаулық күні 1948 жылдан бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрылған күніне орай атап өтіледі. ДДСҰ жыл сайын бұл мерекені медицинаның өзекті мәселелеріне арнап отырады.

4 жыл бұрын (2012) Павлодар мемлекеттік университеті Германия халықаралық аккредитациялық орталығының жоғары бағасын алды.

5 жыл бұрын (2011) 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасын қорғау жөніндегі ТМД елдерінің бітімгершілік миссиясын орындауда қаза болған қазақстандық жауынгерлерді еске алу күні өтті.

6 жыл бұрын (2010) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

7 жыл бұрын (2009) Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгеріне арналған Еске алу аллеясы ашылды.

7 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі, Қарағанды қаласының №78 орта мектебінің мұғалімі Мағрифа Кәрібекова космонавтиканы насихаттағаны үшін Юрий Гагарин медалімен марапатталды.

8 жыл бұрын (2008) Павлодарда талантты спортшы және педагог, Қазақстанның үздік жаттықтырушыларының бірі Батырбек Сейсенбаевқа арналған мемориалды тақта орнатылды.

11 жыл бұрын (2005) «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді.

11 жыл бұрын (2005) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қазақтың алғашқы кәсіби журналистикасы мен баспасөзінің негізін қалаушылар, Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының мүсін-барельефінің ашылу рәсімі өтті.

16 жыл бұрын (2000) Душанбеде Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына қатысушы елдердің қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының кездесуi өттi.

16 жыл бұрын (2000) ақын Олжас Сүлейменовтің «Жазу тілі» кітабы жарық көрді.

98 жыл бұрын (1918) «Звезда Прииртишья» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

 

 

Хабарламаларға жазылу