Әлихан Бөкейханов туралы монография жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Бөкейханов туралы монография жарық көрді

08.02.2018

«Алаш» партиясының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы тұңғыш монография жарық көрді. «Қазақ жерінің жоқшысы» деп аталатын туындыға Бөкейханов жайлы бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған тың деректер топтастырылған. 2 том, 5 тараудан тұратын кітап 5 мың данамен бастырылып, еліміздің барлық оқу орындарына таратылды. Ағылшын, орыс және украин тіліне аударылған монография алдағы уақытта әлем кітапханаларының төрінде тұрмақ. «Сол кезде жаһан жұрты қазақтың ұлы тұлғасы мен Алаш үкіметі жайлы мол мағлұмат алатын болады» - дейді, кітап авторы.

Сұлтан Хан Аққұлы, монография авторы, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры:

 - Дәл осы күндері бұл монография түрік тіліне аударылып жатыр, алдағы сәуір айында тұсаукесері Анкара қаласында өтеді. Одан кейін Стамбулда, Түркияның басқа қалаларында өткізіледі.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу