Беймәлім біреуге көше атауы қалай беріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беймәлім біреуге көше атауы қалай беріледі?

08.12.2018

«Тауықтың асқазаны тас қорытқанмен,тырнағымен тырнақтай іс тындырмас» демекші, жергілікті шенеуніктер қоразданбай білек түріп іске кіріседі деп сенейік. Өйткені бізде көшенің есімдеріне жерік жауапсыздар көп. Атасына, әкесіне, құдасына әперуге құмар. Желіде желдің жылдамдығымен тараған мына сурет естеріңізде шығар, 2016 жылы жұрт жағасын ұстап еді. Сөйтсек, бұл әзіл емес рас екен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарығаш ауданындағы Жанкешу ауылының әкімі өз әкесінің есімін бір көшеге қоямын депті. Сорақысы әлі алда, ауыл әкімі орталықтағы Шәмші Қалдаяқовқа берілген көшені әкесінің атына алып бермек болған. Кейін әкім есін жинап, жөнімен кеткен көрінеді. Жалпы, мұндай жайттар тым көп. Сонда беймәлім біреуге көше атауы қалай беріледі?

 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу