Жыраулық дәстүрдің тарихы мен қазақ мәдениетіндегі алар орны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыраулық дәстүрдің тарихы мен қазақ мәдениетіндегі алар орны

07.11.2018

Жыр – халықтың қазынасы. Жыр – өзекті жарып шыққан өзекті мәселе. Көне түркі тілінде әр атаумен айтылып,  қазіргі поэзия сөзі ретінде қолданылған. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі 7-8 буынды өлең өлшемі осының жарқын үлгісі. Өзге дәстүрлі өнерлер сияқты жыр да мектептерге бөлінеді. Айталық, Арқа, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай өңірі.

Жырдың бірнеше түрі бар. Олар батырлар жыры, тарихи жыр, жоқтау, тұрмыс-салт жырлары және тағы басқасы.

Жыр ұйқасына қарай дара және аралас болып бөлінеді. Ежелгі замандардағы жыр өлшеміне  аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ, ноғай, башқұрт, қырғыз толғауларында сақталған. Жыраулар ауыз әдебиетінің көптеген үлгісін бүгінге жеткізді.

Аталмыш тақырыпқа қатысты мәселелерді студия қонақтары - жыршы Амандық Көмекұлы, Қуынышбай Қазымбек, жыршы-термеші Айнұр Қонысбаева, жас қаламгер үйірмесінің оқушысы Айнұр Жарасқызы талқылады.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу