Астанада әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған концерт өтеді

31.03.2016
Астанада әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған концерт өтеді

Нұрғиса Тлендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған айтулы азамат. Оның талай сазы тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын.

Оның 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Нұрғиса Тлендіұлы қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал  серілік дәстүрдің соңғы тұяғы.

Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Көш керуен», «Махамбет», «Саржайлау» сияқты  әндері мен күйлері халқының сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

Концерт «Конгрес-Холл» сарайында сәуірдің 1-і күні сағат 19-00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу