Еліміздегі ғарыш саласының келешегі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ғарыш саласының келешегі қандай?

14.09.2015
Еліміздегі ғарыш саласының келешегі қандай?

Қазақ еліндегі енді жетіліп, дұрыс жолға түсе бастаған ғарыш саласы еліміздің индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамуына қомақты үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі.

Күні кеше ғана қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды. Ол ғарышта   4 бағыт бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінде физика саласы бойынша жасаған зерттеулері нәтиже бере бастады.

Осы саланың тарихы мен бүгінгі жағдайын, даму бағыттары мен болашақта алар орны туралы  «Өзекжарды» хабарының бүгінгі қонағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, ғарыштық техника және технология кафедрасының меңгерушісі Өмірзақ Қасымов айтып береді.

 

 

Хабарламаларға жазылу