«Tungi studio»-ға Тәуекел Мүсілім қонаққа келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tungi studio»-ға Тәуекел Мүсілім қонаққа келді

13.09.2018

Кеше «Tungi studio»-ға Тәуекел Мүсілім қонаққа келді.

Ол өзінің шығармашылыық өміріндегі өзгерістері туралы сөз қозғады. Бұрынғы продюсерінен бөлек шыққан. Шоу-бизнесте тәжірибе жинаған соң осындай шешімге келген.

Бөлек отау иесі болғаннан кейін де оның шығармашылық өмірі қайнап жатыр. Жақында «Брат или брак-2» фильміне түсті. Кино Алматы қаласында түсірілген. Тәуекелдің айтуынша күзде немесе қыста көрсетіледі.

Сонымен бірге, эстрада әншілерінің бейнеклиптерінде де жиі көрініп жүр. Жақында ғана Жанардың «Сүйем-Жек көрем» атты әнінің бенебаянына түсті. Бұған дейін де  Жанардың бенебаяндарының бірнешеуінде көрініп қалған. Мұның себебін – Жанармен жұмыс істеу  қызық екенімен түсіндірді. Жанардың кез келген дүниеге профессионалдықпен қарайтынын ұнатады. Бейнеклипте ол эмоцияны жоғары деңгейде беруге тырысқан.

 Сондай-ақ, өзінің жақында үйленетінін мәлімдеді. Болашақ жарын жақын достары Артур мен Бауыржанның үйлену тойларына апарған.

Тәуекелдің тағы бір қыры – футболға жақындығы.  Бір қызығы, оның балалық арманы – футболист болу екен. Ол 16 мемлекет қатысқан шоу-бизнес жұлдыздары арасында өткен футболдан әлем чемпионатында жартылай қорғаушы болды.

Тәуекел Мүсілім студияда актерлық шеберлігін көрсететін ойындарға белсене қатысты. Сондай-ақ, Мақпал Жүнісова, Қайрат Нұртас сияқты еліміздің танымал әншілерінің сахнадағы іс-қимылын салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 Сонымен бірге дүрбі киіп, студиядағы футбол алаңында да атой салды.

Естеріңізге сала кетейік, «Tungi studio» дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат  23: 50-де жарыққа шығады.

Хабарламаларға жазылу