Германияда жылдамдық асырып жүрген жүргізушіге 680 еуроға дейін айыппұл салынады. Теңгенің тілінде 290 000-нан асады. Сауд Арабиясында әлгіндей бұзықтық үшін айыппұлмен қоса 3 күнге абақтыға қамайды. Бізде тойғаннан секіріп жолға сыймай қарсы бағытқа шығып кететін ессіздер бар. Солар Америкада ұсталса кемі 700 доллар, біздіңше 260 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Ал, Сауд Арабиясында қарсы бағытпен көлік айдағандарға 530 риал айыппұл салынады, оған қоса бір апта түрмеге қамалады. Әрине, біздегі жазалар бұдан жеңіл, бірақ, аталған елдердегі табысты біздің жұртпен салыстырсаңыз шамамыз белгілі болып қалады.
Қарапайым сіз бен бізді былай қойғанда, үнемдеу үшін Астананың әкімі Әсет Исекешев қазір қызметтік көлігін тастап таксимен жүр. Осы жайында толығырақ Әлия Әшімнің сюжетінде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.