52 адам тірідей жанып кеткен автобустың иесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

52 адам тірідей жанып кеткен автобустың иесі табылды

28.12.2018

Халықаралық іздеуде жүрген Ордухан Мехдивті құқық қорғау қызметкерлері Өзбекстанда бой тасалап жүрген жерінде қолға түсірді. Ол бірден экстрадицияланып, Шымкент қаласындағы абақтылардың біріне қамалды. Оған техникалық ақауы бар автокөлікпен жолаушы тасымалдады деген айып тағылды. Әзірге белгілісі, Ордухан Мехдиевтің меншігінде осындай үш автокөлік болған. Бірақ, олардың барлығының құжаттары, тіркелген жері жалған болып шықты. Көлік иесінің әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру ісін қазір еліміздің Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басында Ресейдің Қазан қаласына нәпақа табу үшін бара жатқан 52 Өзбекстан азаматы жалынға оранған автобустан шыға алмай, мерт болды. Оқиғаға байланысты, автобустың үш жүргізушісі 5 жылға, жолаушылар тасымалдау компаниясының құрылтайшысы мен механигі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.   

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу