Қазақстанда энергетикалық тиімді тұрғын үй құрылысын дамыту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда энергетикалық тиімді тұрғын үй құрылысын дамыту керек

04.11.2015
Қазақстанда  энергетикалық тиімді тұрғын үй құрылысын дамыту керек
Қазақстанда  энергетикалық тиімді тұрғын үй құрылысын дамыту керек

Елімізде энергияның ысырып болмаауына назар аударатын тұрғын үйлер салу қажет. Бұл - шығынды азайтып, пайданы еселей түсетін тәсілдердің бірі. Бүгін Астанада осы мәселенің қыр-сырын білетін мамандар бас қосты.

БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып жатқан халықаралық конференцияда мамандар энергетикалық тиімді тұрғын үйлер салу мәселесін талқылауда. Жиынға мемлекеттік атқарушы органдардың, жеке компаниялардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысып жатыр. Энергетикалық тиімділік бойынша БҰҰ даму бағдарламасы ЖЭҚ және Қазақстан үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александар Белыйдың айтуына қарағанда мұндай жоба елімізде алғаш рет 2011 жылы жұмыс істей бастаған.

Энергетикалық тиімді тұрғын үй құрылысы бірінші кезекте ауаға таралатын зиянды газдардың көлемін азайтуға бағытталған жоба. Сонымен қатар, балама қуат көздерін пайдалану мәселесі де ескеріледі. Қазіргі таңда стандартты баспаналар мен энергетикалық тиімді үйлердің құрылысына кететін шығындардың айырмашылығы небары 10 пайыз ғана екен. Демек, энергетикалық тиімді тұрғын үйлерді салудың пайдасы зор болмақ. Мұндай үйлер өз кезегінде қоршаған ортаны қорғауға да септігін тигізеді әрі энергия үнемдеуде де көптеген артықшылықтары бар.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу