Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары ұзартылды

11.09.2020

Халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстанда жүрген шетел азаматтарына жеңілдіктер жасалады. Яғни елде болу рұқсаттары автоматты түрде ұзартылады. Жеке куәлігінің, визасының және уақытша тұру рұқсатының мерзімі 16 наурыз бен 1 қараша аралығында аяқталса да, олар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, елге визасыз кірген азаматтардың да 1 қарашаға дейін Қазақстанда болу мүмкіндіктері қарастырылып отыр.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу