Моңғолиядағы қандастарымыз дәстүрлі ән мен күйдің қаймағын бұзбай келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолиядағы қандастарымыз дәстүрлі ән мен күйдің қаймағын бұзбай келеді

01.07.2018

Моңғолиядағы қандастарымыз төл өнерді дәстүрлі ән мен күйдің қаймағын бұзбай, бүгінгі күнге жеткізіп отырғаны жасырын емес. Мәселен, қазақтың ежелгі «Жорға аю» биі бұл жақта әлі күнге дейін мазмұнын сақтап отыр. Сондай-ақ, мұнда «Қаражорға» күйінің ескі нұсқалары да сақталған.

Баян-Өлгейге Алаш баласы 18 ғасырдың орта шенінен қоныстана бастаған. Бүгінде онда 50 мыңдай қазақ бар. Үш ғасырға жуық уақыт өтсе де, тілін, дәстүрін ұмытпаған бауырлар аттың құлағында ойнауда ғана емес, домбыра шанағынан күй шертуге де шебер.

Көшпелі ғұмыр кешіп, қысы-жазы киіз үйді паналаған қазақтардың жиын-тойы ән-күйсіз өтпейді. Домбырашылар «Адайдан» бастап «Көңіл толқынына» дейінгі барлық күйді меңгерген.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу