«Сағындырған әндер-ай» кешін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сағындырған әндер-ай» кешін көріңіз

31.01.2016
«Сағындырған әндер-ай» кешін көріңіз

Сан ғасырлық қазақ музыкасының байлығы — әсем әндер шырқалатын «Сағындырған әндер-ай» ән кеші бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді.  

Кештің авторы және ұйымдастырушысы  Майра Ілиясова: «Мақсатымыз — ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу»,-дейді.

Әр заманның, әр жылдың, әр әншінің халық арасында ерекше ықыласқа ие болған жұлдызды туындылары болады. Ондай әндер еш ұмытылмайды. Жыл өткен сайын бағасы арта түседі.

Міне, осындай әндер шырқалатын әдемі кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.  

 

Хабарламаларға жазылу