Дәстүрлі өнерді өрістеткен отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі өнерді өрістеткен отбасы

19.08.2014
Дәстүрлі өнерді өрістеткен отбасы

Шығыс Қазақстандағы Ақсуат ауылында Әбуғазиндер отбасы тұрады. Кілең күйшілер мен әншілер әулеті қазақтың ұлттық өнерін өрістетуде.

Отағасы Қазен Әбуғазы қазақтың алтын қорына енген 20-дан астам күйдің авторы болса, балалары дәстүрлі ән мен күйшілік өнерді дамытуға үлес қосқан өнер иелері.

Шертпе күй дәстүрін берік ұстанған күйшінің 40-тан астам туындысы бар. Солардың тең жартысы қазақ күйлерінің алтын қорына енген.

Тағы бірнеше шығармасы материалдық емес мұра ретінде ЮНЕСКО қорғауына алынған. Ақсақал өзінің балаларын да жастайынан дәстүрлі өнерге баулып өсірген.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу