Ержан Базарбек – Біржан сал, Ақан серідей ән дүлдүлдерінің жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Базарбек – Біржан сал, Ақан серідей ән дүлдүлдерінің жалғасы

26.02.2014
Ержан Базарбек – Біржан сал, Ақан серідей ән дүлдүлдерінің жалғасы
 
 
Ержан Базарбек – Біржан сал, Ақан серідей ән дүлдүлдерінің жалғасы. Ол халық әндерін 20 жылдан бері кеңінен насихаттап жүр. Дарын иесі бірнеше байқауларда жеңімпаз атанды. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық Ж.Елебеков атындағы әншілер конкурсының гран-при иегері.
 
Филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанұлы: «Ержанның ән айту шеберлігі, Арқаның кең даласындай кең тынысты, қуатты, нәрлі дауысымен сол әнді тек дауыспен емес, жүрекпен, жан-дүниесімен сезініп, әннің құдіретін өзінің барлық болмысымен жеткізе білуінде жатыр»,-дейді.
 
Әншінің өзі «дәстүрлі әннің мақамын бұзбай, қаз-қалпында келер ұрпаққа жеткізу – менің басты арманым», деп біледі.
 
Бүгінде Қазақ радиосының алтын қорында Ержан Базарбектің орындауындағы 15 ән бар.

Хабарламаларға жазылу