Алтынбек Қоразбаев: Мерейтойлық кешіме немере шәкірттерім де қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтынбек Қоразбаев: Мерейтойлық кешіме немере шәкірттерім де қатысады

05.06.2018

7 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» атты 70 жылдық мерейтойлық концерті өтеді.

Кеште Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмидинова, «МузАрт» тобы, «Меломен» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Қыдырәлі мен Қарақат, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Алма Аманжолова, Сая Махамбетова, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетпек.

«Мен көп ән айтып, күйсандықта немесе домбырада отырып, жиі ән жаза бермеймін. Бір күнде ән жазып, өңдеп, оны орындай да алмаймын. Мен әннің тоғыз ай толғағын жеткізіп, жылына бір-екі рет шығамын. Оны тыңдаушыларым да жақсы біледі.

Кеште соңғы кездерде жазылып, ешкім естімеген әндерді әрлеп, орындасам деймін. Концертке өзімнің шәкірттерім, ізбасарларым, одан басқа, шәкірттерімнің шәкірттері, демек, менің немере шәкірттерім қатысады.

Сахна жастықты жақсы көреді. Сондықтан, саханға жастарды шығарсам», дейді мерейтой иесі.

 

 

«Толық нұсқа»

Хабарламаларға жазылу