Кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай арасында жолдастық кездесу өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай арасында жолдастық кездесу өтеді

25.07.2014
Кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай арасында жолдастық кездесу өтеді

Ертең Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде, Халықаралық кикбоксинг федерациясының қолдауымен  Қазақстан мен Қытай арасында жолдастық кездесуі өтеді.

Бұл матчқа екі жақтың да үздік спортшылары қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында хабарланды. Жекпе-жектер 7 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Бұрын-соңды болмаған сайысты «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, жарыста  әйгілі шаолинь мектебінің спортшылары алаңға шығады. Сонымен қатар, көрермен назарына шаолинь мектебінің ең үздік шебері көрініс ұсынады.

Лью Люн, шаолинь мектебінің шебері:

Жекпе-жектің осы түрінен 10 жылдың ішінде әлемде 40-тан аса мемлекетте болдық. Қытайдың мәдениетімен таныстырдық. Қазақстанда өтетін жолдастық кездесуге ең мықты, деген шәкірттерім келді. Барлығы сайдың тасындай іріктелген.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу