Кинотанушы Бауыржан Нөгербектің туғанына 70 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кинотанушы Бауыржан Нөгербектің туғанына 70 жыл

22.05.2018

Белгілі кинотанушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Нөгербек биыл 70 жасқа толар еді. Таяуда өзі іргетасын қалап, қазығын қаққан факультетте алғашқы кинотанушы тәлімгерлерді қабылдаған дәрісханаға тұлғаның есімі берілді.

 

Ұлытау ауданында дүниеге келген Бауыржан Рамазанұлы Жезқазғанда қазақ мектебі болмағандықтан орыс мектебінде білім алды. Алғыр, зерек баланың ықыласын оятқан әкесі болатын. Рамазан қолы қалт еткенде киноға баратын. Баласы Бауыржанды да қалдырмады. Фильмнен соң екеуі алған әсермен бөлісіп, сырласатын. Бауыржан режиссер болуды армандады.

 

Оқу бітірген соң «Қазақфильмге» редактор болып жұмысқа алынды. Одан кейін ұзақ жылдары Қазақстан кинематографистер одағында екінші хатшы қызметін атқарды.

 

Содан кейін Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино факультетіне аусты. Мұнда ол кино және телевидение факультетін ашып, ұлттық кино саласына мамандар дайындады.

Қазақ киносының жанашыры сын мен шындықты айтудан тайсалмайтын. Оның өткір сыни мақалалары үнемі қоғамдық пікір туғызды. Оның барлығы ғалымның ұлттық құндылықтарға деген адалдығының көрінісі болатын.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу