Елордалықтар Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

26.12.2019

Бүгін даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының есімі ұлықталды. Батырдың туғанына 109 жыл толуына орай елорда жұртшылығы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Көзі тірісінде аты аңызға айналған батыр есімін бүгінгі буын мақтанышпен еске алады. Бұған бүгінгі кездесуге келген жас сарбаздар дәлел.

Қазақтың біртуар тұлғасы сұрапыл соғыста өзінің ер жүрек батырлығымен, қайтпас қайсарлығымен, тапқырлығымен ерекшелене білді. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болды. Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене қатысты. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, соғыс кезінде ұрыс шеберлігі, тапқырлығы мен жеке басының ерен ерлігі ерекше көзге түсті. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу