«Халық барысы-2018» турнирінің жеңімпазы Мақсат Қиқымов «Таңшолпанның» төрінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халық барысы-2018» турнирінің жеңімпазы Мақсат Қиқымов «Таңшолпанның» төрінде

11.05.2018

Алматы студиясының бүгінгі қонағы - республикалық «Халық барысы-2018» турнирінің жеңімпазы Мақсат Қиқымов.

«Халық барысы» атану – үлкенім арманым еді. Бұл турнир алғаш рет өткізіліп отыр. «Қазақстан барысынан» айырмашылығы, «Халық барысына» еркін күрес, самбо, зумбо күресінің палуандары қатысады. Демек, алдын ала кімнің қалай күресетінін біле бермейсің. Турнирге 128 палуан қатысты. Салмақ дәрежесі, жас ерекшелігі бойынша шектеу болмады.

Спортпен 12 жасымнан бастап айналысамын. Өзім жеті белдесу өткіздім. Ешқайсысы оңай болған жоқ. Бәрі де кәсіби палуандар. Ең қиыны – финал болды.

Енді келесі «Халық барысына» дайындаламын. Спортпен қатар, Алматы қаласы әкімдігініде қызмет атқарамын. Жұмыс пен жаттықтыруды бірге алып жүру қиын емес», - дейді спортшы.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу