Еламан Ерғалиев оңтүстіккореялық қарсыласын 8 секундта жығып, таза жеңіске жетті

08.09.2017

Еламан Ерғалиев «Әлем барысы-2017» турнирінің 1/16 айналымында оңтүстіккореялық Бейонгва Лиді 8 секундта жығып, таза жеңіске жетті.  Алғашқы белдесуінде камерундық Дюдон Долассемді ұтқан болатын.

Лақап аты – «Қаратамыр». 2011 жылғы «Жас барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы, 2016 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойынының күміс жүлдегері, 2017 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы.

Естеріңізге саламыз, «Әлем барысы-2017» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде. 

Хабарламаларға жазылу