Қарағанды облысының әкімі Ержан Шынкеевке пәтер кілтін табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының әкімі Ержан Шынкеевке пәтер кілтін табыстады

05.07.2018

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Қарағанды облысында зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері, сала мамандары марапатталды. Олар елордамыздың гүлденуі мен еліміздің дамуына еселі үлес қосқаны құрметке бөленіп отыр.

Салтанатты жиынға «Қазақстан барысы-2018» республикалық  турнирінің жеңімпазы Ержан Шынкеев пен оның жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзов арнайы шақырылды. Палуанға облыс әкімі пәтер кілтін табыстады. Жаттықтырушысына да сый-сияпат жасалды. Ержан Шынкеев 14 жасынан күреске қатысып, спорттың биігін бағындырды. Жалпы, Астана күні қарсаңында Қарағанды облысы бойынша 140 адам марапатқа ие болды.

Ержан Шынкеев, «Қазақстан барысы-2018» республикалық турнирінің жеңімпазы:

- Менің жеңісім осы Астананың 20 жылдығына тұспа-тұс келіпті. Спортшы болған соң, шетелге көп барамыз. Сонда Астанамызды барлығы біледі. Елордамыз көркейе берсін.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу