Ұлан Рысқұл: Биылғы қатысушылардың барлығы мықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлан Рысқұл: Биылғы қатысушылардың барлығы мықты (ВИДЕО)

30.06.2017

«Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы  (2011 ж) Ұлан Рысқұл осы жылы тағы бақ сынап көрмек. Палуан биыл тек жеңу үшін қатысып жатқанын айтады.

«Кім болса да, жарысқа жеңемін деп келеді. мендегі мақсат та сол. Биылғы қатысушылардың барлығы мықты. Барлығын өзіме лайықты қарсылас деп білемін»,-дейді палуан.

Айта кетейік, 2 шілде 13:00-де «Барыс арена» кешенінде өтетін «Қазақстан барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетпек.

Ал, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің ресми ақпарат таратушысы.

Хабарламаларға жазылу