Еламан Ерғалиев келесі айналымда Айбек Нұғымаровпен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еламан Ерғалиев келесі айналымда Айбек Нұғымаровпен кездеседі

08.09.2017

Еламан Ерғалиевтің лақап аты – «Қаратамыр». Ол «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы. Үшінші айналымда қазақстандық палуан дзюдодан Украина чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері Антон Рудныкпен белдесті.
1 минут 7 секунд ішінде Еламан Ерғалиев жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Енді ол Айбек Нұғымаровпен кездеседі.

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы бұған дейін оңтүстіккореялық Бейонгва Лиді 8 секундта жығып, таза жеңіске жетсе, алғашқы белдесуінде камерундық Дюдон Долассемді ұтқан болатын.

Хабарламаларға жазылу