22 сәуір күні Астанада Шәмші әндерінің кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 сәуір күні Астанада Шәмші әндерінің кеші өтеді

20.04.2018

Осыған орай композитор Қалдыбек Құрманәлі «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

«Шәмші әндернің кеші Астанада 2000 жылдан бері өтеді. Біз сол дәстүрді жалғастырып келеміз. Кештің ерекшелігі –Шәмшінің айтылмаған әндері мен жас әншілерді қосып отырамыз. Сол әндерді халыққа танытып, жетксізсек деген мақсат бар.

Биылғы кеш Астананың 20 жылдығына арналады. Концертке 26 әнші қатысып, 36 ән айтылады.

Шәмшінің әндерін орындауды барлық әншілерге ұсынамыз. Бірақ, бірі сахна әншісі, бірі той әншісі.  Жалпы, жанды дауыспен ән айтатын әншілер жеткілікті. Бірақ, ол үшін жағдай жасау керек. Өйткені, техникалар талаптарға сай келмейді. Мысалы, ауыл, аудандарда. Тағы бір мәселе, кезінде көркемдік кеңес деген болды. Көркемдік кеңес болмай, жанды дауыста айту мәселесі осы күйде қалады.

Біздің кештің мақсаты – Шәмшінің әндерін бұзбай жеткізу. Ән қалай жазылды, солай берілуі керек. Шәкеңнің көзі тірісінде 40 әні ғана қазақ ән өнерінің алтын қорына жазылған. Одан кейін қаншама әні табылды?! Осының бәрін реттеу керек».

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу