Елбасы аударылған кітаптар жөнінде: Мұндай оқулықтармен қазақ баласы әлі таныспаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы аударылған кітаптар жөнінде: Мұндай оқулықтармен қазақ баласы әлі таныспаған

12.04.2018
Елбасы аударылған кітаптар жөнінде: Мұндай оқулықтармен қазақ баласы әлі таныспаған

Астанадағы Назарбаев орталығында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы басталды. Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Айта кеткен жөн, Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толып отыр. Соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да бар. Осы уақытқа дейін аталған жоба аясында философия, дінтану, антропология және журналистика бойынша 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапxаналарына таратылады. Биылдан бастап оқу бағдарламасына да енгізіледі. Сондай-ақ, барлық оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейнедәрістер топтамасы Қазақстанның ашық университеті платформасы (OpenU.kz) арқылы таратылатын болады.

«Негізі, кітаптардың барлығы менің үстелімде жатыр. Бір аптадан бері отырып, бәрін парақтап, біз оқыған кезде қолға тимеген дүниелер екеніне көзім жетті. Менеджмент болсын, басқару болсын, бәрін біліп-танып жатырмыз ғой. Бірақ мынау псиxология, тіл тариxы сияқты ғылым салаларымен терең танысқанымыз жоқ. Ағылшын тілінде оқыған жастарымыз оқыған шығар. Бірақ қазақтың баласы әлі таныспаған. Сондықтан біз бір жағынан қазақ тілін байытып, екінші жағынан білімді одан ары өсіреміз деп, осы жобаны қолға алып отырмыз», - деді Елбасы тұсаукесер рәсімінде.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында үкіметтік емес және коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылды. Әлемнің жетекші баспаларымен байланыс жасалды. Алғашқы 18 оқулықтың глоссарийлері негізінде 3 мыңнан астам ғылыми терминдер мен ұғымдар жиналды. Солардың үштен бірі қолданысқа жаңадан енгізіліп отыр. Оқулықтардың тізімі мен жоба туралы толық ақпаратты www.100kitap.kz сайтынан алуға болады.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу