«Таңшолпан» студиясында күйші, академик, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Секен Тұрысбек қонақ болып, өз шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесін қалай қарсы алатындығы жайлы тілге тиек етті.
«Мейрамды 16-17 жыл бойы Астанада, мұздың үстінде өткізетінмін, бүгін міне, бірінші рет Алматы қаласында тойлап жатырмыз».
Танымал өнер иесі, сондай-ақ, шығармашылық жоспарларымен, «Ақ жауын» ансамблін қалай құрғандығы туралы баяндап берді.
Бағдарлама барысында танымал күйші «Ақ жауын» күйін тартып, күйлерінің дүниеге келуі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тілегін білдірді.