«Таңшолпан». Бақыт Шадаева: Қазір ұстаздықпен айналысып жүрмін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бақыт Шадаева: Қазір ұстаздықпен айналысып жүрмін

07.12.2017

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева студия қонағы болды. Өнер иесі шығармашылығы, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Өнер жолына келгеніме биыл – 30 жыл. Балабақшадан ән салғанмын. Ән айтам деп алдыма мақсат қойдым. Осы арманыма жеттім. Оған өте қуаныштымын. Астана қаласының Оқушылар сарайында ұстаз болып 4 жыл қызмет жасадым. Бірталай шәкірт дайындадым. Алғашқы оқушыларым өнерге қадам басып жатыр. Сол кезде шығармашылығым біраз тоқтап қалды. Екі қайықтынң басын ұстай алмайсың. Өнерімді бір жақты етейін деп өнерге оралдым.

Отбасымда екі қызым, екі немерем бар. Үлкен қызым Астанада, кіші қызым екеуміз Алматыда тұрамыз. Қызымның өнерге барғанын қалаймын. Өнердің қасиеті – баптайды. Бірақ өмір көрсетеді. Бәрі әлі алда.

2019 жылы мерейтойлық кешімді беремін. Қазір дайындық жүріп жатыр», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу