Абзал Бөкен: Жаңа шығармаларымды оқырман сынынан өткізсем деймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абзал Бөкен: Жаңа шығармаларымды оқырман сынынан өткізсем деймін

27.03.2014
Абзал Бөкен: Жаңа шығармаларымды оқырман сынынан өткізсем деймін
 
Ақын, Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Абзал Бөкен - «Таңшолпанда» қонақта.
 
Абзал Бөкен 3-сәуірде шығармашылық кешін өткізбек.  «Соңғы жылдары ерекше шабытта жүрмін. Өлеңдеріме өзімше өрнек салғандай әсердемін. Жаңа серпіліс пен тың идеялардан шыққан туындыларымды оқырмандарымның сынынан өткізсем деймін»,  дейді.
 
«Жас кезде сезім, махаббат тақырыбын көп  жырласам, қазір шамамның келгенінше, ел-жер тақырыбында қалам тербеп жүрмін», деген ақын  «Таңшолпан» студиясында «Шыт көйлек», «Кебеже» атты өлеңдерін оқыды.
 
Ақын «Қарағандыда әдеби ортаның қазаны қайнап жатыр.  Алаштың ақиық ақыны Серік Ақсұңқарұлы 40-қа жуық ақынды бір ортаға топтастырып, бағыт-бағдар беруде», дейді.

Хабарламаларға жазылу