Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы (ВИДЕО)

23.05.2016
 Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы (ВИДЕО)

8 жастағы Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы. Ол көркем гимнастикамен 4 жасынан бастап айналысып келеді.  

«Көркем гимнастика танымал спорт түрі болғандықтан, қыздарын жетелеп алып келетін ата-аналар көп. Астана қаласы бойынша қазір 4-6 жас аралығындағы 2 мыңнан астам қыз бала жаттығып жүр.  

Алғаш келгенде жаттығуды жарты сағаттан бастаймыз. Бұл меже уақыт өткен сайын ұзарып отырады. Қазір спорт шеберлері күніне 4-5 сағат жаттығу жасайды», дейді Астана қаласы бойынша көркем гимнастикадан аға жаттықтырушы Меруерт Төлегенқызы.

Естеріңізге саламыз, «Таңшолпан таңдайды» байқауы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Сайысқа 10-жасқа дейінгі талантты балалар қатыса алады.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу