«Таңшолпан». Бүгін Бағыбек Құндақбаевтың туғанына 91 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін Бағыбек Құндақбаевтың туғанына 91 жыл

10.10.2017

Бүгін белгілі театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаев 91 жасқа толар еді.

Театр өнерінің саңлағы 1926 жылдың 10 қазанында Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.

Бағыбек Құндақбаев театртанушы, аудармашы, өнертану ғылымдарының докторы. Өнер жолында аудармамен айналысып, 3 кітап жазды.

Еңбек жолын балалар мен жасөспірімдер театрында бөлім меңгерушісі болып бастады. Сондай-ақ ол ұстаздықпен айналысты.

Қазақ театры өнерінің дамуына қалтқысыз қызмет еткен сыншы, аударма саласында да еңбек етті.

Хабарламаларға жазылу